Жаңа жыл қарсаңында № 72 мектепте жетім балаларға, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған қайырымдылық шырша өтті. Мерекелік іс-шараның ұйымдастырушысы ретінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ұжымы бүкіл еліміз бойынша бес жылдан астам уақыт бойы аутизм және өзге де даму ерекшеліктері бар балаларды жүйелі түрде оңалтумен айналысатын Zhas Urpaq қоғамдық қорын қолдап отыр.
Жаңа жылдық қойылым барлық қатысушыларды ертегі кейіпкерлерімен және, әрине, мерекенің басты кейіпкерлері – Аяз Ата мен Ақшақар қарсы алды. Интерактивті көрініс балаларға және ересектерге де жағымды көңіл-күй сыйлады.
«Бізге қойылым өте ұнады. «Современник» театрының актерлерін шақыра отырып, біздің бүлдіршіндеріміз үшін осындай орасан зор іс-шара ұйымдастырғаны қуантады. Сондай-ақ, тамаша сыйлықтар мен тәттілер үшін рахмет айтқым келеді», – деп өз әсерімен аналар бөлісті.
Zhas Urpaq жобасының жетекшісі Жұлдыз Сатимованың айтуынша, аутизмі бар балаларға арналған негізгі мәселе – әлеуметтендіру және осындай іс-шаралар балаларға ойын және мерекелік нысандағы елеулі кедергілерді жеңуге көмектеседі.
«Біз Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметкерлеріне ұйымдастырылған тамаша мереке, балаларға арналған сыйлықтар - дамытушы ойыншықтар, тәттілер және т. б. үшін ризашылығымызды білдіреміз. Балалар өте бақытты, ал бұл біз үшін ең бастысы», – деді Ж. Сатимова.
Мектеп әкімшілігі ұйымдастырған мереке үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына алғыс білдірді.
#МСҚ #МӘМС #ОСМС #медицина #ФСМС #Казахстан #SaqtandyryBot #сақтандыру #БЖТ #БірыңғайЖиынтықТөлем #медицинскоестрахование #Респубиканскийфорум #Форум #Конкурс #ОСМС
bestdoctor.kz В данном видео представлены ответы на самые актуальные и часто задаваемые вопросы населения от врачей поликлиники №4 г.
...Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев