ежелден бері
тойланып келе жатқан көне
мейрамдардың бірі және ол
көктемгі күн мен түннің
теңесуі – 22 наурызға сай келеді. Осы мейрам
табиғаттың оянуын, оның
жаңаруы мен басын
білдіреді. Көктем алып
келетін жылу мен үмітке
қоса Наурыз адамдарды татуластырып, мейірім мен
келісімге баулиды. Наурыз
қаншалықты бай өткізілсе,
жыл да соғұрлым ауқатты
өтпек. Осы күні жер көгеріп,
ағаштар бүршік жарып,
алғаш жаңбыр жауады. Осы
күні туған ұл балаларды
Наурызбай немесе
Наурызбек, қыздарды Наурыз немесе Наурызгүл
деп атаған. Наурыз мейрамын тойлау
күн көзін қарсы алумен
басталады. Содан кейін күн
көзін қарсы алушылар ағаш
отырғызуға шығады.
Дәстүрлі түрде көшеттер отырғызылғаннан кейін 2
жыршы шақырылып, олар
Наурызды тойлауға
шақыратын. Барлық жұрт
қауым мерекелік оюлы киім
киіп, той-құмалақ көруге баратын. Бойжеткендер мен
боз балалар, ақындар
арасында көптеген сайыс
өткізілген. Наурызда келер жылдағы
ауқаттың белгісі танылатын
көптеген түрлі ас әзірленеді.
Әр Үйде дастархан
жайылады. 7 саны ерекше
мәнге ие. Мысалға наурыз көже 7 түрлі тағамнан
тұрады. Бұл ет, тұз, май,
пияз, бидай, құрт, қатық. Бүгінгі таңда Наурыз жаңа
мәнге ие болып келеді. Ол
Қазақстанда тұратын
халықтардың барлығын
ұлты мен дініне қатыссыз
біріктіертін мейрамға айналуда. Оның адамдар
арасындағы достықты
нығайтудағы, дәстүрлерді
жандандырудағы рөлі зор.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев