өңдеу
1929 жылдың 16 желтоқсан күні Семей қаласында дүниеге келеді. Әкесі Ахмет Төлегенұлы Найман тайпасының Қаракерей руының Қожамбет бұтағынан шыққан.[1].
Бибігүлдің әкесі скрипкада ойнаса, шешесі ән айтатын. Әкесін 1937 жылы Қатон-Қарағайда тұтқындап алып кеткеннен кейін хабарсыз жоғалып кетті. 1946 жылы кешкі мектептің жетінші сыныбында оқып жүрген кезінде Семейдегі ет комбинатта жұмыс істей бастады. Комбинаттағы көркем-өнерпаздар үйірмесінде ән айтып, Семейде айдауда жүрген жазушы Г.И. Серябрякованың көзіне түсті. Галина Серябрякова Бибігүлке тәлімін беріп, Құрманғазы атындағы Қазақ консерваториясына түсуіне ықпал етті.
1951 жылы консерваторияда оқып жүріп қазақ радиосында халық әндерін шырқап, әнші болып жұмыс істеген.
1954 жылы Қазақ консерваториясын (Н.Самышинаның ән класы бойынша) бітірді.
1954 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрінде солист;
1956 жылдан бастап Жамбыл атындағы қазақ филармониясының Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық аспаптар оркестрінде (Құрманғазы оркестрі) солист;
1958 жылы Бүкілодақтық экстрада әртістері байқауының лауреаты атанды.
Бибігүл Төлегенованың өнері Республика мен одақ көлемінде ғана емес, бүкіл дүниежүзіне танылды. Гастрольдік сапармен Үндістан, Алжир, Египет, Сирия, Вьетнам, Польша, Чехословакия, Канада, Швеция, Франция, Италияда болып, өнер толғады.
1968-1982 жылдары ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің VII, VIII және IX шақырылым депутаты болып қызмет етті.
1980 жылдан бері қазіргі күнге дейін Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясында вокалдан сабақ беріп келеді. 1982 жылы профессор атағына ие болды.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев