аралығындағы елдерге келді.
🇨🇲Елу екінші орында - Африкалық #Камерун елі. Елдегі халық саны - 28,8 млн. адам. Туу деңгейі - бір әйелге орта есеппен 4,3 бала. 2050 жылы елдегі халық саны 50,5 млн. адамды құрайтын болады.
🇻🇪Елу үшінші орында - #Венесуэла. Халқының саны - 28,4 млн. адам. Туу деңгейі - бір әйелге орта есеппен 2,1 бала. 2050 жылы халық саны 31,1 млн. адамды құрайды деп болжануда.
🇦🇺Елу төртінші орында - #Австралия елі. Туу деңгейі - орта есеппен 1,5 бала. Елге көшіп келушілер саны көшіп кетушілерден басым. 2050 жылы халық саны 35,3 млн. адамды құрайтын болады деп болжануда.
🇰🇵Елу бесінші орында - #Солтүстік_Корея. Халқының саны - 26,3 млн. адам. Туу деңгейі - 1,8 бала. 2050 жылы елдегі халық саны 27,4 млн. адамды құрайды деп болжануда.
🇳🇪Елу алтыншы орында - Африкалық #Нигер елі. Халқының саны - 26,3 млн. адам. Туу деңгейі өте жоғары - бір әйелге орта есеппен 6,1 бала. 2050 жылға дейін халық саны екі есе өсіп, 51,1 млн. адамды құрайды деп болжануда.
🇸🇾Елу жетінші орында - #Сирия мемлекеті. Халқының саны - 24,7 млн. адам. Туу деңгейі - 2,7 бала. 2050 жылы елдегі халық саны 37,8 млн. адамды құрайды деп болжануда.
🇹🇼Елу сегізінші орында - #Тайвань елі. Халқының саны - 23,5 млн. адам. Туу деңгейі өте төмен - бір әйелге орта есеппен 0,9 бала. 2050 жылға дейін халық саны 19,7 млн. адамға дейін қысқарады деп болжануда.
🇧🇫Елу тоғызыншы орында - Батыс Африкадағы #Буркина_Фасо мемлекеті. Елдегі халық саны - 23,4 млн. адам. Туу деңгейі - 4,4 бала. 2050 жылы халқының саны 37,1 млн. адамды құрауы мүмкін.
🇲🇱Алпысыншы орында - Батыс Африкадағы #Мали елі. Елдегі халық саны - 22,9 млн. Туу деңгейі өте жоғары - бір әйелге орта есеппен 5,7 бала. Туудың есебінен 2050 жылы елдегі халық саны екі есеге жуық өсіп, 43,2 млн. адамды құрауы мүмкін.
🇱🇰Алпыс бірінші орында - #Шриланка елі. Елдегі халық саны - 21,9 млн. адам. Туу деңгейі - бір әйелге орта есеппен 2,0 бала. 2050 жылы халық саны 22,9 млн. адамды құрайды деп болжануда.
🇿🇲Алпыс екінші орында - Шығыс Африкадағы #Замбия елі. Халқының саны - 21,3 млн. адам. Туу деңгейі - 4,1 бала. 2050 жылы елдегі халық саны 38,1 млн. адамды құрайды деп болжануда.
🇲🇼Алпыс үшінші орында - Шығыс Африкадағы #Малави елі. Халқының саны - 20,3 млн. адам. Туу деңгейі - орта есеппен 3,6 бала. 2050 жылы халық саны 35,0 млн. адамға жетеді деп болжануда.
🇰🇿Алпыс төртінші орында - өзіміздің #Қазақстан мемлекеті. Елдегі халық саны - 20,2 млн. адам. Туу деңгейі бір әйелге орта есеппен 2,9 бала. 2050 жылы елдегі халық саны 25,0 млн. адамға жетеді деп болжануда.
🇨🇱Алпыс бесінші орында - #Чили мемлекеті. Халқының саны - 20,1 млн. адам. Туу деңгейі төмен - бір әйелге орта есеппен 1,2 бала. 2050 жылы халық саны 21,6 млн. адамды құрайды деп болжануда.
Дереккөз: FB #shynartuleshova
#демография #скр #суммарныйкоэффициентрождаемости #qazaqstan #kazakhstan #казахстан
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев