нан аз 30 млн.нан көп елдерге тоқталайық.
🇦🇴Отыз тоғызыншы орында - #Ангола мемлекеті. Елдегі халық саны - 37.9 млн. адам. Туу деңгейі өте жоғары - бір әйелге орта есеппен 5,1 бала. 2050 жылға дейін халық саны екі есеге өсіп, 74,3 млн. адамды құрайды деп болжануда.
🇺🇦Қырқыншы орында - #Украина. Халықаралық ресми мәліметтер бойынша халқының саны 37,9 млн. адам. Бірақ елдегі саяси жағдайға байланысты нақты халық санын айту қиын. Болжам бойынша 2050 жылы халық саны 32 млн.ға дейін қысқаруы мүмкін.
🇵🇱Қырық бірінші орында - #Польша. Халқының саны - 37,6 млн. адам. Туу деңгейі төмен - бір әйелге орта есеппен 1,1 бала. Елде халықтың табиғи кему процесі жүріп жатыр. 2050 жылы елдегі халық саны 33,2 млн. адамға дейін қысқарады деп болжануда.
🇲🇦Қырық екінші орында - #Марокко. Халқының саны - 37,4 млн. адам. Елдегі туу деңгейі көптеген Африка елдеріндегідей жоғары емес - Бір әйелге орта есеппен 2,2 бала. 2050 жылы халық саны 43,6 млн. адамды құрайды деп болжануда.
🇺🇿Қырық үшінші орында - көрші #Өзбекстан мемлекеті. Елдегі халық саны 37,2 млн. адам. Туу деңгейі бір әйелге орта есеппен 3,4 бала. 2050 жылы халық саны 47,3 млн. адамды құрайды деп болжануда.
🇸🇦Қырық төртінші орында - #Сауд_Арабиясы. Халық саны - 35,1 млн адам. Туу деңгейі жоғары емес - бір әйелге орта есеппен 2,1 бала. Елге көшіп келушілер саны көшіп кетушілерден басым. 2050 жылы халық саны 49,4 млн. адамды құрайды деген болжам бар.
🇲🇾Қырық бесінші орында - #Малайзия елі. Халық саны - 34,2 млн. адам. Туу деңгейі төмен - бір әйелге орта есеппен 1,6 бала. Елге көшіп келушілер саны басым. 2050 жылы халық саны 42,6 млн. адамды құрайды деп болжануда.
Қырық алтыншы орында - #Перу елі. Халқының саны - 34,0 млн. адам. Туу деңгейі бір әйелге 2,0 бала. 2050 жылы халық саны 40,4 млн. адамды құрайды деп болжануда.
🇲🇿Қырық жетінші орында - #Мозамбик. Халық саны - 33,2 млн. адам. Туу деңгейі - бір әйелге орта есеппен 4,9 бала. Туу есебінен 2050 жылы халық саны 61,0 млн. адамға жетеді деп болжануда.
🇬🇭Қырық сегізінші орында да - Африканың #Гана елі. Халқының саны - 32,7 млн. адам. Туу деңгейі - бір әйелге орта есеппен 3,9 бала. 2050 жылы халқының саны 48,0 млн. адамды құрайды деп болжануда.
🇮🇪Қырық тоғызыншы орында - Африкалық #Кот_д_Ивуар елі. Халқының саны 31,5 млн. адам. Туу деңгейі - 4,3 бала. 2050 жылы халық саны 55,0 млн.ға жетеді деп болжануда.
🇲🇬Елуінші орында - #Мадагаскар. Халқының саны 30,8 млн. адам. Туу деңгейі - 4,1 бала. 2050 жылға дейін халқының саны екі есеге жуық өсіп, 59,5 млн. адамды құрайды деп болжануда.
🇳🇵Елу бірінші орында - #Непал. Халқының саны - 30,0 млн. адам. Туу деңгейі - 2,1 бала. 2050 жылы халқының саны 35,0 млн. адамды құрайды деп болжануда.
Дереккөз: FB #shynartuleshova
#демография #скр #суммарныйкоэффициентрождаемости
pkzsk.info Глава района #РахатСмагулов рассказал, что в больнице на 90 коек и поликлинике на 250 посещений трудятся 41 врач и 219 медработников.
...Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев