ға жетпейтін мемлекеттер. Бұндай мемлекеттердің саны өте көп болғандықтан, оларды бірнеше топқа бөлеміз. Бірінші кезекте халқының саны 50,0 млн. нан кем 40 млн.нан жоғары елдер.
🇪🇸Сонымен, халық саны бойынша дүниежүзінде отыз екінші орында - #Испания елі. Бұндағы халық саны 48,8 млн. адам. Елдегі туу деңгейі өте төмен (бір әйелге 1,1 бала) болғанымен, көшіп келушілер есебінен халық саны біршама көбеюде. 2050 жылы халық саны 53,5 млн адамды құрайды деген болжам бар.
🇦🇷Отыз үшінші орында - #Аргентина. Бұл елдегі халық саны 47,1 млн. адам. Елдегі туу деңгейі бір әйелге орта есеппен 1,5 бала. Бірақ елде әлі де табиғи өсім бар. 2050 жылы халық саны 49,8 млн. адамға жетеді деп болжануда.
🇩🇿Отыз төртінші орында - #Алжир мемлекеті. Бұл елдегі халық саны - 47,0 млн. адам. Елдегі туу деңгейі жоғары (бір әйелге орта есеппен 3,0 бала), халық саны тек туудың арқасында өсіп жатыр. Болжам бойынша 2050 жылы халық саны 63,9 млн. адамға жетеді.
🇮🇶Отыз бесінші орында - #Ирак. Елдегі халық саны - 44,4 млн. адам. Туу деңгейі - бір әйелге орта есеппен 3,7 бала. Болжам бойынша 2050 жылы халық саны 69,4 млн. адамға жетеді.
🇦🇫Отыз алтыншы орында - #Ауғаныстан. Халқының саны - 42,6 млн. адам. Бұл елдегі туу деңгейі өте жоғары (бір әйелге орта есеппен 4,8 бала). Тек туудың есебінен 2050 жылы халық саны 76,9 млн адамға жетеді деп болжануда.
🇨🇦Отыз жетінші орында - #Канада. Елдегі халық саны - 41,4 млн . адам. Бұл елді мигранттар елі десек болады. 2050 жылы елдегі халық саны 43,7 млн. адамға жетеді деп болжануда.
🇾🇪Отыз сегізінші орында - #Йемен. Елдегі халық саны - 40,6 млн. адам. Туу деңгейі өте жоғары - бір әйелге орта есеппен 4,6 бала. 2050 жылы халық саны 71,0 млн. адамға жетеді деп болжануда.
Дереккөз: #shynartuleshova
enbek.kz/ru Почти две тысячи учителей математики требуются в Казахстане 16.
...Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев