⚜⚜⚜
Басымыздан өтіп жатыр күн санап,
Көзімізді кейде байлап, тұмшалап.
Дос-жараннан хәл сұрауға жетеді
Бес-он минут, болмаса да бір сағат.
🌈🌈🌈
Кім біледі алда қандай күн барын,
Уақыт мырза кімнен нені ұрларын.
Сондықтан да дұрыс болар, досым ау,
Жақыныңның жайын біліп тұрғаның.
🌴🌴🌴
Жете алмаған дүниеге пендеміз,
Дос іздейміз таусылғанда теңгеміз.
Ағалардың амандығын сұрап біл,
Мәз боп қалсын жеңгеміз.
💕💕💕
Көршің жүрер көтеріліп көңілі,
Қоңырау шал болып жатса нөмірі,
Тірілерді түгендеп жүр,
Табылмас,
Қанша жерден сағынсаң да өліні.
⏳⏳⏳
Бұл дүниеге қонақ болып бес күндік,
Кейде жақын дос қадірін кеш білдік.
Адамдардың өзімшілдеу тағдырын,
Топыраққа көміп жатыр бес құрлық.
🌙🌙🌙
Бүгін бармыз, ертеңгі өмір беймәлім,
Таусылмасын жүрегіңде иманың.
Хәл сұрауға туған-туыс, достардан
Дұрыс болар бес-он минут қиғаның.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Комментарии 1